50 жастағы бапкер Леонид Тамбиев қарағандылық «Сарыарқаның» тізгінін ұстады, деп хабарлады Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тамбиев қарағандылық клубта бұған дейін де жұмыс істеген. Оның жаттықтыруымен «Сарыарқа» 2019 жылы Петров кубогын иеленген. Ал Тамбиев сол кезде ЖХЛ үздік бапкері атанған болатын.