Қазақстандық боксшылар «Странджа-2021» халықаралық турниріне қатысады

Қазақстандық боксшылар Болгарияда өтетін дәстүрлі «Странджа-2021» халықаралық бокс бәсекесіне қатысады, деп хабарлады Olympic.kz.

22-27 ақпан күндеріне жоспарланған байрақты бәсекеде тоғыз боксшы Қазақстан сапынан шаршы алаңға шығады. Олар: Олжас Байниязов, Бейбарыс Жексен, Саматәлі Төлтаев, Қуан Қуатов, Нұрқанат Райыс, Бауыржан Байгоншеков, Сағындық Тоғмбай, Айболды Дәуренұлы және Әділ Басығараев.