419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Месси тағы рекорд орнатты

  • 92
  • UPD: 12:57, 22.02.2021
Месси тағы рекорд орнатты

Аргентина құрамасының футболшысы Лионель Месси испаниялық «Барселона» сапында өткізген матч саны бойынша рекорд жасады, деп хабарлады Prosports.kz.

ВТ мәліметінше, Испания чемпионатының 24-турында Месси каталониялықтар сапындағы 506-шы матчын өткізді. Осылайша, Месси Хавидің рекордын бұзды, испаниялық жартылай қорғаушы бұған дейін «Барселона» сапында 505 ойын өткізген еді.

Сонымен қатар Месси Ла Лигада пенальтиден 60 гол соққан екінші ойыншы болды. «Реал» сапында пенальтиден 61 гол соққан Криштиану Роналду бұл көрсеткішке бірінші жеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы