Үстел теннисінен спортшылар WTT Contender Doha додасында бақ сынайды

Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен халықаралық бәсекеге қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ақпанның 28-і күні Дохада үстел теннисінен WTT Contender Doha додасы басталады.

Халықаралық үстел теннисі федерациясының күнтізбесіне сәйкес, өткізілгелі отырған додаға Қазақстан сапынан үш спортшы қатысады.

Атап айтсақ, Кирилл Герасименко, Анастасия Лаврова және Зәуреш Акашева Доха жерінде ел намысын қорғайтын болады.

Аталған жарыс 6 наурызға дейін жалғасады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 20000 АҚШ долларын құрайды.