Баскетболдан Азия іріктеу кубогінде Қазақстан Шри-Ланканы жеңді

Бахрейнде баскетболдан Азия кубогінің іріктеу кезеңі аясында ойындар өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер командалары арасында өткен байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы Шри-Ланкамен кездесті. Нәтижесінде екеуара кездесу 107:37 есебімен қазақстандықтар еншісіне шешілді. 

Айта кетерлгі, осыған дейін Шри-Ланка командасын қазақстандық «Дала қасқырлары» (Steppen Wolves) командасы 111:52 есебімен жеңіп кеткен.