Волейбол: Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының кезеңі өтіп жатыр

Ақтауда Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында волейболдан Қазақстан чемпионатының 4-кезеңі өтіп жатыр.

Чемпионат кеше  «Батыр» спорт кешенінде басталды. Көрерменсіз жарысқа 8 команда қатысуда. Әзірге алматылық «Буревестник» құрамасы алда келеді. Одан кейінгі орында маңғыстаулық команда тұр. Спорттық сайыс 1 наурызға дейін жалғасады. Санитарлық талап қатаң сақталуда. Әр үзіліс сайын ойын алаңы залалсыздандырылады. 

Айта кетейік, былтырдан бері елімізде спорттың осы түрінен ойын хаттамалары электронды түрде жүргізіледі.

Ермек Сырлыбаев, ҚР Волейбол федерациясының бас хатшысы:

- 1 жыл болды, Қазақстан волейбол федерациясына жаңа бағдарламаны енгізіп отырмыз. Чемпионат жоғары деңгейде өтіп жатыр деп ойлаймын. Мынау санитарлық нормаларға қарағанда біз әрбір қалада өткізе алмаймыз. Ойын арасы 3 сағат болуы керек. Әр ойыншы, төрешілердің бәрінде жаңа ПТР-тест болуы керек. Онсыз біз жарысты жүргізе алмаймыз. Соның бәрін біз қолдап отырмыз.

Юрий Башкатов, волейболдан Тараз құрама командасының шабуылшысы:

- Ақтаудағы жарысқа барлық командалар тас-түйін дайындықпен келгенін көріп тұрмыз. Біздің құрама әзірге үшінші орында келеді. Алғашқы ойындарда алматылық және маңғыстаулық ойыншыларға есе жіберіп алдық.