419,41 505.95 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бокшы Олжас Байниязов халықаралық турнирде жеңіліп қалды

  • 68
  • UPD: 11:05, 23.02.2021
Бокшы Олжас Байниязов халықаралық турнирде жеңіліп қалды olympic.kz

Софияда (Болгария) бокстан халықаралық «Странджа-2021» бокс турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған додада Қазақстан құрамасының мүшесі Олжас Байниязов жеңіліп қалды. 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан ол үндістандық Комар Депакпен кездесті. Екеуара кездесу 0:5 есебімен аяқталып, отандасымыз жарыстың алғашқы айналымында жеңілс тапты. 

Бұған дейін Саматәлі Төлтаев жарысты сәтті бастағанын хабарлағанбыз.

Айта кетерлігі, халықаралық турнир 27 ақпанға дейін жалғасады. Турнирге елімізден тоғыз боксшы аттанған болатын.

Хабар 24 телеарнасы