Назым Қызайбай «Странджа-2021» турнирінде алғашқы жеңісіне қолжеткізді

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай «Странджа-2021» халықаралық турнирін сәтті бастады, деп хабарлады Olympic.kz.

Болгарияның София қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында халықаралық турнир өтіп жатыр. Әйелдер арасында 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық Назым Қызайбай алғашқы жеңісіне қолжеткізді. Алғашқы кездесуінде ол марокколық Рабабы Чеддардан басым түсті. 

Ел құрамасының тағы бір мүшесі Римма Волосенко қарсыласына жол берді. АҚШ өкілімен өткен кездесу 1:4 есебімен қарсыластың еншісіне шешілді. 

Айта кетерлігі, 72-ші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық дода 27 ақпанға дейін жалғасады.