Баскетболдан Қазақстан құрамасы Шри-Ланканы жеңді

Қазақстан құрамасы Шри-Ланканы жеңді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл қазір Бахрейнде баскетболдан Азия кубогына іріктеу өтіп жатыр. Оның аясында ұлттық құрама Шри-Ланка баскетболшыларымен жолығып, 107:37 есебімен жеңіске жетті.

Айта кету керек, Эмиль Райкович баптайтын жігіттер бұл командамен екінші рет жолығып, екінші рет ұтып тұр. Бірер күн бұрынғы матчта 111:52 есебі тіркелген. Соның арқасында Қазақстан «Ф» тобының бірінші сатысына көтерілді және Азия Кубогының жолдамасына бір табан жақындай түсті. Енді командалар іріктеу кезеңі аясында соңғы, яғни шешуші матчтарын өткізеді.

***

Хоккейден қазақстан чемпионаты

Негізгі чемпионат аяғына қарай тартыс күшейді. Елімізде хоккейден ішкі біріншілік жалғасып жатыр. Оның аясында  «Теміртау» мен «Снежные Барсы» командалары кездескен.

Айта кетейік, қарағандылық клуб туринир тізімінің екінші, ал елордалықтар ең соңғы сатысында тұр. Соған қарамастан, ойын тең нәтижемен аяқталды. Ал, буллиттер сериясында барыстар басым болды. Қорытынды есеп: 4:5. Бұған қоса, көкшетаулық «Арлан» өз алаңында «Алматы» командасын қабылдап, 4:1есебімен жеңіске жетті. Ал, «Алтай» – «Ақтөбе» матчында 0:2 есебі тіркелді.

Айта кетейік, қалыптасқан жағдайға байланысты биылғы чемпионат бір кезеңнен тұрады. Яғни, жарысқа қатысып жатқан 13 команда 10 наурызға дейін 52 матчтан өткізіп үлгеруі керек.