420,46 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Александр Бублик Сингапурдағы турнирдің жұптық сынында жеңіліп қалды

  • 81
  • UPD: 16:31, 23.02.2021
Александр Бублик Сингапурдағы турнирдің жұптық сынында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик аустралиялық Марк Полонспен бірге Сингапурдағы ATP турнирінің жұптық сынында екінші айналымға өте алмады, деп жазады Prosports.kz.

Олар алғашқы айналымда америкалық Джеймс Серретани мен канадалық Адиль Шамасдин жұбына есе жіберді. 

Бір сағат жеті минутқа созылған кездесу 6:1, 7:5 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Сингапурдегі турнир 22-28 ақпан аралығында өтеді. Оның жүлде қоры – 300 000 доллар.

Хабар 24 телеарнасы