Шаңғы жарысынан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасынан кімдер қатысады

Ертең, 24 ақпанда Германияның Оберстдорф аймағында шаңғы жарысынан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлады Olympic.kz.

Қазақстан құрамасы сапынан жарыс жолына шығатын спортшылар тізімі:

Ерлер: Виталий Пухкало, Олжас Климин, Евгений Величко, Наиль Башмаков, Константин Борцов.

Әйелдер: Валерия Тюленева, Анна Шевченко, Ирина Быкова, Ангелина Шурыга, Ольга Мандрика, Дарья Ряжко, Айша Ракишева.

Айта кетерлігі, әлем чемпионаты 7 наурызға дейін жалғасады. Жарыс барысында 12 медаль жиынтығы сарапқа салынады.