417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде грек-рим күресінен жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды

  • 66
Ақтөбеде грек-рим күресінен жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды

23 жасқа дейінгі балуандар сайысына еліміздің барлық өңірінен 250-ден астам спортшы жиналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Санитарлық талаптарға сәйкес жарыс көрерменсіз өтіп жатыр. Белдесуге келген балуандар мен бапкерлер және төрешілер тестілеуден өтіп, қатерлі індеттен дін аман екенін дәлелдеген соң біріншілікке кіргізіледі. Үш күнге созылатын чемпионатта жеңімпаздар 10 салмақта анықталады. Үздіктер Азия және Әлем біріншіліктеріне қатысуға мүмкіндік алады.

Аспандияр Есенжолов, облыстық грек-рим күресі федерациясының өкілі:

– Бүгінгі жарыста бірінші және екінші орын алған спортшыларға Қазақстан Республикасы спорт шебері атағы берілетін болады. Бұл әрбір жас балуанның арманы. Ересектер қатарына енді қадам басқан спортшылар арасында республикалық біріншіліктің өткізілуі де өте маңызды. Осындай тартысты бәсекеге толы жарыстарда ысылған балуандар ғана болашақта әлемдік ареналарда топ жаратын болады.

Хабар 24 телеарнасы