Таеквондодан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі кейінге шегерілді

Таеквондодан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі кейінге шегерілді, деп хабарлады Olympic.kz.

Бұл туралы Азия таеквондо одағы мәлімдеді. Иордания астанасы Амман қаласында жоспарланған Олимпиадаға іріктеу кезеңі 2021 жылдың 21-22 мамыр күндеріне ауыстырылды. Ал паралимпиадаға іріктеу турнирі 23 мамырда өтеді.

Айта кетерлігі, бұған дейін Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі 14-15 мамырда, паралимпиадаға іріктеу кезеңі 16 мамырда өтуі тиіс еді.