Ақтөбеде грек-рим күресінен жастар арасындағы ел чемпионаты өтіп жатыр

Елордалық палуандар қарсылас шақ келтірер емес. Дәл қазір Ақтөбеде грек-рим күресінен жастар арасындағы ел чемпионаты өтіп жатыр.

Айта кету керек, бұл спортшылар жылдан аса уақыт ешқандай жарысқа қатыспады. Ішкі біріншіліке 250-ден аса палуан жиналды. Жарыстың алғашқы күні үш салмақ бойынша жеңімпаздар анықталды.

Атап айтқанда, 87 келіде елордалық Мақсат Сайлау топ жарды. Ал орта салмақта оның жерлесі Асаухат Мұхмедиев чемпион атанды. 55 келіге дейінгілер бәсекесінде қызылордалық Алпамыс Дастанбек үздік деп танылды. Басқа салмақтардағы классиктер бүгін және ертең бозкілемге шығады. Ақтөбедегі ел чемпионаты 3 күнге созылады.

«Бавария» «Лационы» жеңді. Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңі аясында қос клуб Рим қаласында жолыққан. Бірінші таймда қонақтар сапындағы Роберт Левандовски, Джамал Мусиала және Лерой Зане мергендігімен көзге түсті. Ал екінші кезеңде Франческо Ачерби таблодағы нәтижені 4:0-ге жеткізді. Алаң иелері ойын соңында ғана бір гол соқты. Қорытынды есеп: 1:4. Қарымта матч 17 наурызда өтеді. Ал Мадрид қаласында «Атлетико» мен «Челси» өзара мықтыны анықтады. Матч барысында жалғыз гол соғылды. 68-минутта «Челси» сапындағы Оливье Жиру мергендігімен көзге түсіп, өз командасына жеңіс сыйлады. Бұл клубтар да 17 наурызда қайта кездеседі.