Дмитрий Попко Нұр-Сұлтандағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық Дмитрий Попко грузиялық Александр Метревелимен жұптасып, Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Prosports.kz.

Попко/Метревели дуэті Бондаревский/Палан жұбын екі сетте 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Ойын 1 сағат 4 минутқа созылды.

Еске сала кетейік, жекелей сында Дмитрий Попко латвиялық Эрнест Гульбиске есе жіберген болатын.