Мария Агапова келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Мария Агапова UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін мәлімдеді, деп жазды prosports.kz.

«Екі айдан соң жаттығуға ораламын. Оңалту процесі жақсы жүріп жатыр. Аз қалды, жақында жекпе-жек болады. Бәріңізді жақсы көремін», – деп жазды спортшы.

Айта кетейік, Мария Агапова UFC аясында екі жекпе-жек өткізіп үлгерді. Соңғы кездесуінде америкалық Шэн Добсонға есе жіберді.