432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде грек-рим күресінен жастар арасындағы ел чемпионаты жалғасуда

  • 121
  • UPD: 09:57, 25.02.2021
Ақтөбеде грек-рим күресінен жастар арасындағы ел чемпионаты жалғасуда Depositphotos

Жарыстың кезекті күні тағы 3 салмақ бойынша чемпиондар анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, 60 келіге дейінгілер арасында Шығыс Қазақстан облысынан келген Нұрсұлтан Базарбаев топ жарды. 67 келіге дейінгілер сынында жамбылдық Дін-Мұхамед Қошқар қарсылас шақ келтірмеді. Ал 77 келіде жергілікті Дәулет Жалғасов жеңімпаз атанды. Басқа салмақтардағы классиктер бүгін бозкілемге шығады. Ақтөбедегі ел чемпионаты 3 күнге созылады. Нәтижесінде, ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындықты бастайды.

Айта кетейік, бұл спортшылар қалыптасқан жағдайға байланысты жылдан аса уақыт ешқандай бәсекеге қатыспады.

Хабар 24 телеарнасы