Странджа-2021: қазақстандық үш боксшы жарысты сәтсіз аяқтады

Болгария астанасы Софияда боксшылар бәсекесі жалғасып жатыр.

Olympic.kz халықаралық «Странджа-2021» жарысындағы қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынды. 

75 келіде шаршы алаңға шыққан Райыс Нұрқанат швециялық қарсыласы Чартой Адамнан 3:2 есебімен басым түсіп, келесі айналымға жолдама алды. 

Бауыржан Байгөншеков 81 келіде жұдырықтасып, армениялық Гор Нерсеяннан 3:2 есебімен ұтылып қалды. Сондай-ақ Сағындық Тоғамбай (91 кг) да жарыстан шықты. Болгариялық боксшы Радосла Панталеевпен кездесу жеңіліспен аяқталды. 

91 келіден жоғарғы салмақта Айболды Дәуренді украиналық Цоне Рогава жарыс жолынан ығыстырды. 

Сондай-ақ...