Токио Олимпиадасы: спортшыларға вакцина салдыруға кеңес берілді

Жапониядағы жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшыларға коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға кеңес беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ бұл міндетті емес. Мұндай мәлімдемені Халықаралық олимпиада комитетінің вице-президенті Джон Коутс жасады. Оның айтуынша, атлеттер маусым айына таман егілуі дұрыс. Себебі Токиодағы олимпиада ойындары 23 шілдеге белігленген дейді Коутс. Ал олимпиаданы көруге қанша жанкүйер бара алатыны жайлы шешім сәуірге таман қабылдануы мүмкін.

Джон Коутс, халықааралық олимпиада комитетінің вице-президенті:

– Олимпиада ойындарына аккредиттелген тұлғалар мен билет сатып алған адамдардың барлығына қатысты шешім қабылданатын болады. Спорттық шараға қанша жанкүйер қатыса алатынын Жапония тарапы наурыз-сәуір аралығы жариялайды.