433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Спорттық акробатикадан жастар мен жасөспірімдер арасында ел біріншілігі басталды

  • 115
  • UPD: 22:03, 25.02.2021
Спорттық акробатикадан жастар мен жасөспірімдер арасында ел біріншілігі басталды

Бүгін Алматыда спорттық акробатикадан жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан біріншілігі басталды.

Әлемдік пандемияға байланысты бір жылдық үзілістен кейін ұйымдастырылған жарысқа Екібастұз, Қарағанды, Орал, Тараз және Павлодар мен Өскеменнен акробаттар келді. 100-ден аса үміткер енді екі күн бойы өз шеберліктерін көрсетеді. Қазақстан чемпионы атанғандар спорт шебері дәрежесін алады. Жастар арасында топ жарған қыз-жігіттер ұлттық құрама сапына алынып, халықаралық турнирлерде ел намысын қорғайды.

Айгүл Дүкенбаева, спорттық акробатикадан қазақстан құрамасының бас бапкері:

- Жарыс бағдарламасына сәйкес жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздар екі жаттығудың қортындысы бойынша белгілі болады. Ал жастар үш жаттығудан кейін кім мықтыны анықтайды. Спорттық акробатика біздің елде дамып келеді деп айтуға толық негіз бар. Мысалы, осы жолғы жарысымызға Өскемен мен оралдық спортшылар қосылды.

Хабар 24 телеарнасы