Волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты қайта жанданды

Бұл жолғы жарыс ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қосалқы құрам қатарындағы спортшылардың додасында үздіктер анықталып, ұлттық жастар құрамасы жасақталуда. Өскеменде өткен кездесулердің нәтижесінде талдықорғандық «Жетісу-2» алда келеді. Мәселен кешегі ойында «Ертіс-2» командасын 3:2 есебімен тізе бүктірсе, бүгін оңтүстік астанадан келген спортшыларды ұтты. Әзірге «Жетісу-2» клубы ел біріншілігінде топ бастап келеді. Ал, фавориттердің бірі саналатын «Алтай» командасының қосалқы құрам ойыншылары турнирлік кестенің 5-ші орнына жайғасқан. Шығысқазақстандық клуб бұл жолы жасы кіші спортшыларды сынауға бел шешіпті.

Мария Трухина, «Жетісу-2» командасының капитаны:

- Кешегі павлодарлық «Ертіс-2» командасымен болған ойын тартысты өтті. Кездесу 5 партияға дейін жалғасты. Біз үшін бұл тур оңайға соқпай тұр. Себебі соңғы ойындардан кейін 2 айға жуық уақыт өтті.