Еуропа лигасы 1/8 финалының барлық қатысушылары анықталды

Футболдан Еуропа лигасының 1/8 финалына қатысушылар белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

1/16 финалдың екі матчынан кейін келесі турға өткендер: «Манчестер Юнайтед», «Арсенал», «Рейнджерс», «Аякс», «Вильярреал», «Милан», «Тоттенхэм Хотспур», «Рома», «Янг Бойз», «Олимпиакос», «Динамо» (Киев),  прагалық «Славия», «Динамо» (Загреб),  «Мольде», «Гранада», «Шахтер» (Донецк).

Еске салайық, Еуропа лигасының қазіргі жеңімпазы – «Севилья», бұл команда 2020 жылы финалда «Интер» клубын 3:2 есебімен ұтқан.