Қазақстандық киокушин шеберлері Қаскелеңде бас қосты

Араға жылдан аса уақыт салып каратэ жарыстары да жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық киокушин шеберлері Қаскелеңде бас қосып, ел кубогын сарапқа салды. Байрақты бәсекеге 400 аса спортшы жиналды. Яғни, ерлер және әйелдер 40 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде елордалық спортшылар 28 медаль еншіледі. Оның тоғызы алтын. Сәйкесінше, жалпыкомандалық есепте бірінші тұр. Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының спортшылары үздік үштікті түйіндеді.

«Алматы облысындағы жарыс спортшылардың бабын байқатып, оларға қосымша мотивация берді», - дейді аға жаттықтырушы Дастан Абжанов. Енді каратэшілер алдағы республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалады.