Елордада бұқаралық іс-шаралар өткізуге шектеу қойылды

Бірінші наурыздан бастап елордалық спортшыларға ел аумағынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуға тыйым салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалада бұқаралық іс-шаралар өткізуге мүлде болмайды. Бұл туралы жаңа қаулыда жазылған. Спорт нысандарынан тыс жаттығу алаңдарының жұмысына шектеу қойылды. Далада өтетін спорттық шараларға 200 адам ғана қатысуы керек. Әлеуметтік қашықтық сақтау міндетті. Мәдени ошақтарда орындар саны 30% аспауы тиіс. Елордада меншік нысанына қарамастан қызметкерлердің кемінде 60% қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі. Қарбалас сәттерде қалалық қоғамдық көліктерді көбейтіп, санитариялық жабдықтармен қамту көзделген. Ал діни бірлестік нысандарында бұқаралық іс-шараларға тыйым салынды. Халыққа қызмет көрсету орталықтары, пошта және емдеу мекемелеріне алдын ала жазылу арқылы бару керек.