433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттік күзетші Ресейде «жалаң қол жұдырықтасушы жалғыз қазақ» атанды

  • 170
  • UPD: 10:30, 27.02.2021

Жерлесіміз Бағдат Дүйсембаев шетелде TOP DOG жекпе-жек жарысында өнер көрсетіп жүр. Елде күзетші болып жұмыс істеген ол нәпақасын табуға Новосибирск қаласына кетеді. Сол кезде бала кездегі арманын орындау үшін бар күш-жігерін салады. Қазір Бағдат жалаң қолмен жұдырықтасудың тұрақты қатысушысы болған жалғыз қазақ азаматы.

Шымкент қаласының тумасы Бағдат Дүйсембаев 15 жасынан еркін күреспен айналысады. Қазір Новосибирск қаласында құрылысшы болып жұмыс істейді. Бос уақытында әуесқой рингте өнер көрсетеді. Мәскеуде өткен жалаң қолмен жұдырықтасуда 2 рет жеңіске жеткен.

Бағдат  Дүйсембаев, TOP DOG жекпе-жек чемпионатының қатысушысы:

- Досым тапты кастинг болып жатыр екен турнирге. Олар 2 аптадан кейін жауаптарын айтты. Солардың залдарында тренировка бастадық. Бес турнир өткізген болсам, тренировка жасаған емеспін. Жалғыз қазақ болған «единственный представитель Казахстана» дегенде жігерленемін.

Наргиз Бекмағанбетова, тілші:

- Мінеки Бағдат қарсыласын жықты. Тағы бірнеше өтімді шабуыл жасады.  Қолда тұрған жеңіс еді. Алайда төрешілердің үкімі басқа.

Иә, бұл Бағдаттың ресейлік Максим Федоровпен кездесуіндегі келеңсіз жағдай. Отандасымыз жеңіске жақын тұр еді, алайда қазылар ресейлік файтердің қолын көтерді. Балуан қосымша раунд талап еткен еді. Бірақ рингтегі төреші қазақстандық спортшыға апелляциялық шағым түсіруді ұсынды.

Бағдат  Дүйсембаев, TOP DOG жекпе-жек чемпионатының қатысушысы:

- Көп адамдар біледі бойдың қалай өткенін. Кім болғанымды әлі де дәлелдеймін. Ниет бар. Нағыз қазақтың характерін, қазақ жігітінің қандай болатынын дәлелдедім. Жұмыс істеп келдім, сосын жарысқа бардым. 

Бағдат Дүйсембаев кәсіпқой спортшы емес. Бірақ өздігінен жаттығып, әлемдік аренада көк байрақты желбіретемін дейді. 

Авторлар: Наргиз Бекмағанбетова, Марат Диханбаев

Хабар 24 телеарнасы