«Странджа-2021» бәсекесінде қазақстандық алты боксшы жартылай финалға шықты

Бокстан «Странджа-2021» халықаралық бәсекесінде Қазақстан құрамасынан алты спортшы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Болгарияда өтіп жатқан дүбірлі доданың ширек финалдық нәтижесі бойынша келесі спортшылар ақтық жолдаманы сарапқа салатын болады:

- Ангелина Лукас (51 келі);

- Карина Ибрагимова (60 келі);

- Валентина Хальзова (69 келі);

- Надежда Рябец (75 келі);

- Бейбарыс Жексен (57 келі);

- Нұрқанат Райыс (75 келі).