Биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады

Бүгін Австрияның Обертиллиах аймағында биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыстың бірінші күнінде қыздар мен ұлдар арасында жекелей сайыстар өтеді. Қыздар 10 км қашықтықта өзара мықтыны анықтаса, ұлдар 12,5 км қашықтық бойынша сынға түседі. 

Қазақстан сапынан жарыс жолына мына спортшылар шығады:

А. Крюкова

К. Долгополова

А. Куприянова

У. Ардалионова

Ұлдар: 

В. Куралес

А. Безгинов

Д. Аношкин

А. Сериков