433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Стенд атудан Қазақстан құрамасы әлем кубогі кезеңінде қола медаль ұтып алды

  • 204
  • UPD: 15:29, 27.02.2021
Стенд атудан Қазақстан құрамасы әлем кубогі кезеңінде қола медаль ұтып алды Olympic.kz / архив фото

Қазақстандық спортшылар стенд ату бойынша әлем кубогі кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл күндері Каирде (Египет) стенд атудан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан командасы қола жүлдені жеңіп алды. 

Ел қоржынына қола жүлдені Әсем Орынбай, Ольга Панарина мен Рината Насырова салды. Олар «скит» жаттығуы бойынша 476 ұпайымен командалық есепте үшінші болды.

Хабар 24 телеарнасы