Теннис: Александр Бублик Сингапур турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Бублик Сингапур ATP турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 61-ракеткасы, жапониялық Есихото Нисиокамен күш сынасты.

Бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте А.Бублик брейк жасап, сосын өз геймін де алды – 6:3. Екінші сәтте есеп 1:1 болғанда, Бублик тағы да брейкке қол жеткізіп, өз геймін жіберген жоқ – 3:1. Тағы бір брейк – 5:2. Ақыры ол жеңіс нүктесін қойды – 6:2. Бәсеке 1 сағат 13 минутқа созылды. А.Бублик финалға шығу үшін әлемнің 76-ракеткасы, молдовалық Раду Алботпен таласады. Ол ширек финалда әлемнің 35-ші, осы доданың 1-ракеткасы, франциялық Адриан Маннариноны 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді.