432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Недовесов жұптық сында маусымдағы үшінші титулына қол жеткізді

  • 140
  • UPD: 20:50, 27.02.2021
Недовесов жұптық сында маусымдағы үшінші титулына қол жеткізді фото: prosports.kz

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге Нұр-Сұлтандағы Challenger 100 турнирін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Недовесов пен Молчанов америкалық жұп Нэйтон Паш пен Макс Якоб Шнурді жеңді – 6:4, 6:4.

Матч бір сағат тоғыз минутқа созылды.

Айта кетейік, Недовесов пен Молчанов осы маусымда бірге жұптық сында үшінші рет топ жарып отыр. Бұған дейін олар Антальяда екі рет жеңіске жеткен.

Хабар 24 телеарнасы