430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Канело» түрік боксшысын жеңді

  • 174
  • UPD: 13:01, 28.02.2021
«Канело» түрік боксшысын жеңді Prosports

Екінші орта салмақта WBA Super және WBC белбеулерінің иегері 30 жастағы мексикалық Сауль «Канело» Альварес түрік Авни Йылдырымды жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 жастағы Йылдырым азулы қарсыластың қарқынына үш раунд қана төтеп берді. Үшінші раунд аяғында шаршы алаңға шығудан бас тартты.

Осылайша, Сауль Альварес өзінің кәсіби мансабындағы 55-ші жеңісіне қол жеткізді. Түрік боксшысы үшінші рет жеңілді. 

Хабар 24 телеарнасы