Қазақстандық екі боксшы Украинада өткен турнирде топ жарды

Қазақстандық екі боксшы Украинада өткен халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Украинаның Кривой Рог қаласында бокстан КСРО спорт шебері Александр Асауленконы еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Байрақты бәсекеде 52 келіде Әбдіқадір Дамир мен 69 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Дархан Дүйсебай топ жарды.  Аталған дүбірлі додаға Қазақстан, Украина, Молдова, Израиль, Швейцария және Сенегалдан былғары қолғап шеберлері қатысты.