Алматыда садақ атудан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты өтеді

Алматыда садақ атудан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігі өтеді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ұлттық чемпионат 1-8 наурыз аралығына жоспарланған.

Еліміздің әр түкпірінен жиналған кадеттер мен жасөспірімдер біріншілікте топ жаруға тырысады. 

Айта кетелік, санитарлық талаптарға байланысты турнир көрермендердің қатысуынсыз өтеді.