«Атырау» футболшылары Молдованың «Бэлць» командасын ірі есеппен жеңді

«Атырау» Түркиядағы жолдастық матчта молдовалық «Бэлць» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Ойын 4:0 есебімен аяқталды. Атыраулық клуб сапында Артак Дашян, Алекс Кристиан Джуниор, Петар Кунич пен Сәбит Тастанбеков гол соқты. 

Молдовалық клуб екінші дивизионда көш бастап келеді. Бұған дейін «Бэлць» «Таразды» 2:1 есебімен жеңген болатын.