Зарина Дияс WTA рейтингінде бір саты төмендеді

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жекелей және жұптық ойындардағы жаңа рейтингі жарияланды, деп хабарлады Prosports.kz.

Жаңа рейтингте аустралиялық Эшли Барти көш бастап тұр. ТОП-3 қатарына жапониялық Наоми Осака мен румыниялық теннисші Симона Халеп енді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы атағын Елена Рыбакина сақтап қалды. Ол 23-орында тұр. Юлия Путинцева 28-орынға жайғасса, Зарина Дияс бір саты төмендеп, 84-орыннан көрінді. 

Жұптық сында беларусьтік Арина Соболенко үздік тұр. Одан кейін бельгиялық Элиза Мертенс пен Тайвань өкілі Се Су-Вей жайғасқан.

Қазақстандық Галина Воскобоева 75-орыннан 76-орынға төмендеді. Анна Данилина 145, Путинцева 195-орынға тұрақтады (-1).