Александр Бублик АТР рейтингінде жоғарылады

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) кезекті рет рейтингті жаңартты.

Жаңарған рейтингте қазақстандық Александр Бублик біршама жоғарылаған, деп хабарлады Olympic.kz.

46-орында тұрған спортшы 43-ші сатыға көтерілді. Айта кетелік, бұл – Бубликтің өз мансабындағы ең жоғарғы көрсеткіштерінің бірі. Сондай-ақ қазақстандық Михаил Кукушкин алғашқы жүздікке еніп, 96-орынға тұрақтаған.

АТР рейтингте сербиялық Новак Джокович көш бастап тұр. Екінші орында испаниялық Рафаэль Надаль, үшінші сатыда ресейлік Даниил Медведев.