Дзюдодан әлемдік «Grand Slam» жарысына қатысатын спортшылар белгілі болды

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы Ташкентте (Өзбекстан) өтетін «Grand Slam» әлемдік жарысына қатысады, деп хабарлады Olympic.kz.

5-7 наурыз күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында «Grand Slam» әлемдік додасының кезекті кезеңі өтеді.

Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан ерлер құрама командасынан жеті дзюдошы ел намысын қорғайды. 

Ташкент татамиінде белдесетін балуандар тізімі:

  1. Елдос Сметов (60 кг);
  2. Ерлан Серікжанов (66 кг);
  3. Жансай Смағұлов (73 кг);
  4. Дидар Хамза (81 кг);
  5. Айбек Серікбаев (-100 кг);
  6. Ерасыл Қажыбаев (+100 кг);
  7. Ғалымжан Қырықбай (+100 кг).