Алматыда Комбат джиу-джитсудан Қазақстан чемпионаты аяқталды

Елдің әр түкпірінен келген 140 спортшы екі күн бойы 11 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақаншылық Қанат Рамазанов 57 келіде қарсыластарының бәрін қапыда қалдырса, қыздар арасында Үржарлық Назгүл Құбашева чемпион атанды. Алматы облысының намысын қорғаған Жақсыбек Аймаханов пен Жарас Мамраимов және Айбол Ахметов пен Үкілай АхметУәлиқызы өз салмақтары бойынша чемпион атанды. Алматылық тәжірибелі спортшы Ерлан Тілеумбетов те топ жарды. Жеңімпаздар ұлттық құрама сапына алынды. Енді олар биыл Үндістанда өтетін Азия чемпионаты мен Бакуде болатын әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды.

Асқат Бапин, Шығыс Қазақстан құрамасының бапкері:

– Бұл спорт түрі бүкіл әлемде үлкен деңгейде дамып келе жатыр. Былтыр командамыз Украинадағы әлем чемпионатына барып, жақсы нәтижемен қайттық. Өзімнің екі балам күміс алды. Бір баламыз халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.