Ташкент дзюдодан Grand Slam турнирін қабылдайды

Сметов пен Серікжанов тізімге енді. Бірер күннен кейін дзюдодан Grand Slam бәсекесі басталады. Бұл жолғы жарысты Ташкент қабылайды.

Осыған байланысты ел намысын қорғайтын спортшылар тізімі жарияланды. Оған 60 келдегі Елдос Сметов пен 66 келідегі Ерлан Серікжанов қосылған. Бұл спортшылар ақпан айында Израильде өткен бәсекеге бармап еді. Бұған қоса, Елдостың салмағында тағы бір жерлесіміз Дархан Болатбеков өнер көрсетеді. Жансай Смағұлов, Дидар Хамза, Аслан Сахитбек, Арман Қалевтер да Өзбекстанға аттанады. Бас-аяғы 14 спортшы бар.

Айта кетейік, Тель-Авив қаласындағы жарыста Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдегер атанды. Бұл биылдыққа жерлестеріміз жеңіп алған жалғыз және әзірге алғашқы медаль.