432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

  • 316
  • UPD: 10:50, 03.03.2021
Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы IBF белбеуін жеңілмеген мексикалық боксшы Хайме Мунгияға (36-0, 29 КО) қарсы қорғайтын болды, деп хабарлады vesti.kz RingPolska басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздің ақпараты бойынша жекпе-жек 7 мамыр күні Техас (АҚШ) штатында өтеді. Бұл кездесу туралы екі боксшының командасы бірнеше аптадан бері келіссөз жүргізіп жатыр екен.

Мунгия – бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы. Ол Головкиннің салмағында екі кездесу өткізген. Тарқатып айтсақ, Мунгия ирландиялық Гэри О'Салливанды кейін Багам аралдарының өкілі Туреано Джонсонды жеңген. 

Басылымның жазуынша, қазақстандық боксшы Деметриус Андрадемен кездесе алмайды. Себебі, америкалық боксшы алдағы уақытта міндетті қарсыласы Лиам Уильямсқа қарсы кездесу өткізеді. 

Еске салайық, Головкин өзінің соңғы кездесуін желтоқсан айында АҚШ жерінде өткізіп, польшалық Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутпен жеңді. Осы кездесуде қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағын 21 рет қорғап, рекорд орнатты. 

Хабар 24 телеарнасы