Үстел теннисі: Кирилл Герасименко жеңіліссіз келеді

Катарда үстел теннисінен әлемдік алман жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыстың кезекті күні үш бірдей жерлесіміз өнер көрсеткен. Араларынан Герасименко сурылып алға шықты. Ол Беларусь өкілі Александр Ханинмен жолығып, айқын басымдықпен ұтты.

Айта кету керек, Кириллдің қарсыласы – Еуропа чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. Соған қарамастан намысқа тырысып, жеңісті бермеді. Енді қазақстандық теннисші 2018 жылғы Азия ойындарының жүлдегері, ирандық Ношад Аламиянмен кездеседі. Ал кезекті кезеңге шыққан басқа жерлестеріміз Анастасия Лаврова мен Зәуреш Ақашева қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. Дохадағы дода 6 наурызға дейін жалғасады.