Теннис: АТР турнирінде Бублик Зверевті жеңді

«Тобыл» мен «Астана» суперкубокты сарапқа салады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл қазір Түркістанда отандық футболдың басты бәсекесі өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні «Қайрат» пен «Тобыл» жолыққан еді. Негізгі ойын уақыты тең нәтижемен аяталды. Ал, пенальти сериясында қостанайлықтардың жолы болды.Енді «Қайрат» пен «Шахтер» қола жүлдеге таласады. Ал, финалдық сын 6 наурызда өтеді.

Бублик Зверевті жеңді. Дәл қазір Нидерландының Роттердам қаласында АТР сериясындағы турнир өтіп жатыр. Алғашқы аймалымда қос Александр жолықты. Айта кету керек, германиялық теннисші әлемдік рейтингтің жетінші сатысында тұр. Ал, Александр Бублик 43-орында. Соған қарамастан, жересіміз оны айқын басымдықпен ұтты. Кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды. Қорытынды есеп: 7:5, 6:3. Енді Бублик ширек финалдық жолдамасын сарапқа салады. Оның қарсыласы америкалық Томми Пол. Кейінгісі әлемдік рейтингте 56-шы тұр. Роттердамдағы жарыс 7 наурызға дейін жалғасады. Ал, оның жүлде қоры 1 118 000 еуроны құрайды.

***

Герасименко жеңіліп қалды

Герасименко жарыс жолынан шығып қалды. Катарда үстел теннисінен әлемдік аламан жалғасып жатыр. Қазақстандық спортшылар арасынан Кирилл Герасименкода үміт болған. Өйткені ол іріктеу кезеңінен соңына дейін жетті. Ақтық сында ирандық Ношад Аламиянмен жолыққан. Кейінгісі 2018 жылғы Азия ойындарының жүлдегері. Тарысты өткен кездесу 2:1 есебмен аяқталды. Осылайша, жарыстың негізгі бөлігіне ирандық спортшы жолдама алды. Айта кетейік, осының алдында  жерлестеріміз Анастасия Лаврова мен Зәуреш Ақашева екінші айналымда қарысыластарына есе жіберді. Жұптық бәсекеде де қазақстандық теннисшілердің жолы болмады.

***

Елімізде таэквондо жарыстары жандана бастады

Бірер күннен кейін Талдықорғанда ел чемпионаты басталады. Оның нәтижесінде ұлттық құрама жасақталмақ. Бұған қоса, қос спортшымыз Болгарияға аттанып, Олимпиадаға қажетті ұпайларға таласады. София қаласындағы рейтингтік турнир 6 және 7 наурыз күндері өтеді. Оған еліміз атынан Фариза Алдоңғарова мен Руслан Жапаров қатысады.

Айта кету керек, бұл – ұзақ үзілістен кейін алғашқы жарыстар. Одан кейін жерлестерімізді тағы бірқатар халықаралық жарыс күтіп тұр. Ал, Токиодағы жазғы ойындар 23 шілдеде басталады.