Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының өту мерзімі ауысты

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының өту мерзімі өзгерді. Бұл туралы Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) хабарлады.

Алғашында турнир 2020 жылдың 31 наурызы мен 10 сәуірі аралығында өтуі тиіс болатын. Алайда коронавирусқа байланысты кейінге шегерілді. 

Кейін турнирдің 2021 жылғы 7-17 сәуірге ауыстырылғаны хабарланды. Дегенмен, чемпионат мерзімі тағы өзгеріп, 6-16 мамырға жоспарланып отыр.

Әлем чемпионаты Канадада өтеді.