Дзюдошы Ерлан Серікжанов Grand Slam жарысының қола жүлдесі үшін күреседі

Ерлан Серікжанов Grand Slam кіші финалында күреседі, деп хабарлайды Olympic.kz.

66 келіде татамиге шыққан ол жұбаныш белдесуінде словениялық Матеж Полякты ұтты. Жарыстың қола жүлдесі үшін өтетін белдесуде отандасымыз ресейлік Арам Григорянмен кездеседі.

Бұған дейін дәл осы турнирде Елдос Сметов финалға шыққанын мәлімдегенбіз.