«Қайрат» Қазақстан Суперкубогында үшінші орын алды

Алматылық «Қайрат» Қазақстан Суперкубогының үшінші орын үшін өткен матчында қарағандылық «Шахтерді» жеңді, деп хабарлады Prosports.kz.

Матчтың бірінші таймында есеп ашылған жоқ. 51-минутта Жанәли Пайруз гол соғып, «кеншілерді» алға шығарды. 

Ал кейін алматылық клуб есепті теңестіре алды. 63-минутта қорғаушы Денис Поляков қанжығасын майлады. Матч соңына қарай Вагнер Лавтың пасынан кейін Штрели Мамба гол соғып, «Қайратқа» жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп – 2:1. 

Енді ертең ел Суперкубогын елордалық «Астана» мен қостанайлық «Тобыл» сарапқа салады.