Василий Левит Испаниядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық боксшы Василий Левит халықаралық "Boxam" турнирінің финалында жұдырықтасады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Испанияның Кастельон қаласында бокстан халықаралық бәсекенің жартылай финалдық кезеңі мәресіне жетті. 

Жарыс нәтижесі бойынша 91 келіде қазақстандық боксшы Василий Левит финалға жолдама алды. Жартылай финалда ол литвалық Тамасаукас Тадасты ұтты. 

Айта кетерлігі, тағы бір қазақстандық боксшы, 52 келіде Махмұд Сабырхан финалға жеткен болатын.  Финалдық жекпе-жектер 5 наурыз күні өтеді.