Қазақстан-Франция матчіне жанкүйердің кіруіне рұқсат беріле ме?

Футболдан Қазақстан мен Франция арасындағы матчқа жанкүйерлер кіруі мүмкін бе?

Бұл сауал еліміздің футбол федерациясының Facebook парақшасында жарияланды.

2022 жылы Қатарда өтетін әлем біріншілігіне іріктеу ойыны 28 наурызда «Астана Аренада» өтеді.

«Қазір елдегі футболға жауапты тұлғалар елорданың бас санитар дәрігерімен келіссөз жүргізіп жатыр. Егер рұқсат етілсе, Қазақстан-Франция кездесуін жанкүйерлер стадионнан тамашалай алады. Бірақ көрермен саны арена сыйымдылығының 30 процентінен аспауы тиіс. Санитарлық талаптар ескеріледі. Билеттерді 10-12 наурызды сатуға шығару жоспарда бар» делінген федерация мәлімдемесінде.

Бұған дейін құрлықтық хоккей лигасындағы «Барыс» - «Металлург» кездесуіне көрермендердің кіруіне рұқсат берілген еді.