Қазақстандық шорт-трекшілер әлем чемпионатында жартылай финалға шықты

Нидерландтың Дордрехт қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар жартылай финалға өтті деп хабарлайды Olympic.kz.

1500 метрге жарысқан Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша жартылай финалда бақ сынайды. Сондай-ақ аталған екі спортшы 500 метрге жүгіруден ширек финалға жолдама алды. Ал 1000 метрге жарысудан Ғалиахметов 1/4 айналымға өткенімен Никиша іріктеуден аса алмады. Сондай-ақ Мәдина Жанбосынова 1500 метрге жүгіруден жартылай финалда, 1000 метрге жүгіруден ширек финалда бақ сынайды.