427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» плей-оффта «Металлургтен» жеңілді

  • 153
  • UPD: 20:21, 06.03.2021
«Барыс» плей-оффта «Металлургтен» жеңілді

Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысында «Барыс» бүгін, 6 наурызда елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен үшінші ойын өткізді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетелік, плей-офф сатысының Магнитогорскіде өткен алғашқы ойынында ресейлік клуб 7:3 есебімен басым түсті. Сол айдында болған тағы бір кездесуде «Барыс» овертаймда 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Бүгінгі ойында қос команданың да жеңіске деген жігері байқалып тұрды. Бірінші кезеңнің 14-минутында «Барыс» хоккейшісі Якоб Лилья мергендік танытты.

Екінші кезеңде ресейлік клубтың белсенді қимылы көзге түсті. Алдымен 23-минутта Николай Голдобин таразы басын теңестірсе, 26-минутта Егор Мартынов «Металлургті» алға шығарды. Осылайша ресейлік клуб үшінші кездесуде басым түсіп, жеңістер сериясында 2:1 есебімен алға шықты.

Енді 8 наурызда елордада тағы ойын болады. Қажет болған жағдайда қосымша ойындар 10, 12, 14 наурыз күндеріне белгіленген. Екі команда бұған дейін плей-офф сатысында екі мәрте кездесті. Оның екеуінде «Металлургтің» жолы болса, біреуінде «Барыс» аталған қарсыласын қапы қалдырып кетті.

Хабар 24 телеарнасы