Ә.Ғалиахметов шорт-тректен әлем чемпионатында топ жарды

Нидерландтың Дордрехт қаласында шорт-тректен әлем чемпионатының екінші жарыс күні өтуде. Бүгін қазақстандықтар В финалында сынға түсті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Денис Никиша мен Әділ Ғалиахметов 1500 метрге жарысудан В финалында бақ сынап, Ғалиахметов мәреге бірінші болып келді. Әділ аталған қашықтықты 2 минут 25.703 секундта жүгіріп өткен. Ал осы қашықтықта әйелдер арасында сынға түскен Мадина Жанбосынова 16, Янна Хан 27-орында. 

Айта кету керек, әлем чемпионатының А финалындағы бәсекелер ертеңге жоспарланған.

Қазақстандық шорт-трекшілер әлем чемпионатында жартылай финалға шықты